№37 мектеп-гимназиясы базасында өткізілген ашық сабақ туралы
Қаламыздағы №37 мектеп-гимназиясында әдебиетті оқытудың өрісі кең, өзгеше жүйесін қалыптастырып жүрген шын мағынасындағы ұстаз, санаулы тұлғаларымыздың бірі- Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты , Қазақстан Республикасы педагогика ғылымдары академиясының академигі Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы атындағы ғылыми зертхана жұмыс жасайды. Зертхана меңгерушісі Жакенова Құралай Құралтайқызының жетекшілігімен облыс, қала мектептері арасында өзара іс-тәжірибе алмасу