27
январь
2025
8 «Б» сыныбында «Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстар» тақырыбында ашық сабақ өтті
27.01.2025 оқу жылының 27 қаңтарында №41 жалпы орта білім беретін мектептің 8 «Б» сыныбында "Қазақ тілі мен әдебиеті" апталығы аясында «Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстар» тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі: Амирова Бакытгуль Кадырхановна
Оқу мақсаттары:
8.1.5.1 - перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау
8.4.4.2 - тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану.
-Ұйымдастыру кезеңі:
Қызығушылықты ояту:Әр елдің салты бойынша оқушылар бір-бірімен амандасты
-«Ұшқан бүркітті» таңдау арқылы топқа бөлінді
-«Теңге алу» ойыны арқылы үй тапсырмасы сұралды.
-«Лездік лоторея» әдісі арқылы перифраз түрінде жасырылған сұраққа жауап берді.
ОҚЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ.
-Мәтіндерді оқып шығады.
-Берілген мәтін бойынша әр топ графикалық органайзерді толтырды.
Жұптық жұмыс:
Қыран құс пен балапанын сипаттап,дара, күрделі,үйірлі анықтауышқа мысал келтірді.Қай сөз табынан жасалғанын анықтап айтты
Саралау тапсырмасы: «Аяқталмаған сөйлем» әдісі
-Берілген сөйлемдегі тиісті орынға анықтауыш болатын сөзді қойып,сөйлемді аяқтады.
Жеке жұмыс:-Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдау арқылы сынып оқушылары өз білімдерін ортаға салды
Тыңдалым: «Үкі киелі құс» аудио мәтінді тыңдау арқылы оқушылар топтық жұмыс жасады
І топ: Қазақтар үкінің қауырсынын қандай мақсатта пайдаланған?
ІІ топ: Үкінің пайдасы қандай?
ІІІ топ: Үкі туралы қанша мәлімет бар?
Берілген тапсырмалар бойынша сынып оқушылары өз білімдерін жоғарғы дәрежеде көрсете білді.
Сабақты бекіту кезінде "Аудитория әдісі" арқылы "Ақ сүйек" ойынын ойнау барысында ұстаздар ақ сүйекте жасырылған сұрақтарды оқушыларға қою арқылы жаңа сабақ бекітілді"
"Менің миыммен"әдісі арқылы оқушылар қорытынды бағалау жасады.
Ашық сабаққа мектептің жас мамандары, қазақ тіл мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері және оқу ісінің меңгерушісі Лауенов Ерасыл Ерланович қатысып қорытынды жасады.