05
октябрь
2018
«№41 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ 05.10.18 жылы өткізілген «Ұстаздар – асыл жандар» атты мерекелік іс-шара туралы ақпарат
№41 жалпы орта білім беретін мектепте 5 қазан күні «Ұстаздар – асыл жандар» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Іс- шараға мектеп мұғалімдері түгелдей қатысты. Мектеп директоры А.Т.Тукенова, кәсіподақ комитетінің төрайымы Р.Қ Шильясова мектеп мұғалімдерін мерекесімен құттықтады. Мектепке зейнетке шыққан бірнеше ұстаздар да келіп, өз тілектерін білдірді. Мектеп мұғалімдері арасында «Екі жұлдыз» атты сайыс болды. Сайыстың шарты бойынша мұғалімдер жұптасып, ән айтты. Сайыс соңында сайысқа қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.