Мейірімділік» онкүндігі аясында ұйымдастырылған «Мейірімді тілектер» акциясы туралы
«№41 ЖОББМ» КММ -да 21.10. - 31.10.2019 ж. аралығында өткізіліп жатқан «Мейірімділік» онкүндігі аясында «Мейірім» еріктілер клубы мүшелерінің қатысуымен 1-11 сыныптар арасында «Мейірімді тілектер» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында топ мүшелері және мектеп оқушылары үлкен үзіліс уақытында және сабақтан кейін мектеп ауласына шығып, мектеп маңынан өтіп жатқан ықшамаудан тұрғындарына мейірімді тілектері жазылған ашықхат пен шарларын сыйлап, үлкендердің алғысына бөленді.
Мұндай іс-шаралар оқушылар бойында адамгершілікті, мейірімділікті қалыптастыруға, айналаға жақсылық сыйлай білуді үйретуге үлкен септігін тигізеді. Және кездейсоқ сияпатты қабылдаған тұрғындардың көңіл-күйлерін көтеріп, санаулы адамдардың болсын бір сәт күліп, қуанышта болуына әсер етіп, жүрегіне жылулық сыйладық деп ойлаймыз.