7-8 сынып оқушылары арасында өткізілген «Қазақстанның болашағы-менің болашағым» атты эссе
25 қазан –Республика күні қарсаңында 7-8 сынып оқушылары арасында «Қазақстанның болашағы-менің болашағым» атты эссе сайысы өткізілді.
Сайыстың негізгі мақсаты: оқушылардың зияткерлік және
шығармашылық әлеуетін дамыту.
Міндеттері:
1) шығармашылық даралығын ашуға, шығармашылық ойлау мен қиялдың
дағдыларын дамытуға жәрдемдесу;
2) жоғары мақсаттарға қол жеткізу, келешекке ұмтылу үшін бәсекелестікке
қатысушылардың ынталылығын қолдау;
3) өздерінің жеке таңдауы бойынша белсенді өмірлік ұстаным мен
жауапкершілік сезімін қалыптастыру;
4) оқушылардың тәуелсіз зерттеу жұмыстарын ынталандыру.
Сайысқа қатысқан оқушылар арасында 7 «А» сынып оқушысы Жалелханова Балым 1-орын, 8 «А» оқушысы Рымтаева Томирис 2-орын, 7 «А» сынып оқушысы Магуфарова Айгерім 2-орын, 7 «А» сынып оқушысы Байғазы Айша 3-орын, 7 «В» сынып оқушылары Гейс Артур мен Турсынова Наргиз 3-орынды иеленді.
