«Мектеп жұлдыздарының шеруі»
Мақсаты: мектептің озат және белсенді оқушыларын марапаттау рәсімі мен құрметтеу.
Оқу жылының соңғы күні, яғни 1 мауысымда №41 орта мектебінің талантты, білімді, ең алғыр, ең мықты оқу ордасының даңқын асқақтатып жүрген және мектеп өмірін қызыққа толтырған оқушыларға «Жұлдыздар шеруі» атты марапаттау рәсімі өтті.
Бұл:
1 топ- «Жер жұлдыздары»-мектебіміздің үздік оқушылары, біздің мақтанышымыз;
2 топ – «Олимпус жұлдыздары» – қалалық пәндік олимпиада жүлдегерлері;
3 топ – «Жас зерттеушілер жұлдыздары» – қалалық, облыстық «Зерде», «Дарын» кіші ғылыми-зерттеу академиясының жүлдегерлері;
4 топ – «Интеллект және талант жұлдыздары» – интеллектуалдық және шығармашылық байқаулардың жүлдегерлері;
5 топ – «Олимп жұлдыздары» – мектеп спорт жүлдегерлері;
6 топ – «Жас сарбаздар жұлдыздары» – әскери-патриоттық сайыстардың жүлдегерлері.
Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры А.Т. Тукеноваға берілді. Оқу үздіктерін марапаттау рәсімі мектеп директоры А.Т. Тукенова мен оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Р. Балданбаеваға тапсырылды. Оқу үздіктер саны – 106 оқушы.
Қалалық, облыстық байқауларда, кіші ғылыми академиясында жүлделі орындарға ие болған оқушыларды марапаттау рәсімі директордың оқу жөніндегі орынбасары К.М. Батыркановаға тапсырылды. Қалалық, облыстық «Зерде», «Дарын» -20 бала қатысып, 2,3- дәрежедегі орындарға ие – 15 оқушы. Қалалық пән олимпиадаларында 12 оқушы жүлделі 1, 2, 3-орындарға ие болды.
Әр топ марапаттау рәсімі аяқталған сайын оқушылардан музыкалық нөмері болды.
"Жұлдыздар шеруі - 2023" атты марапаттау рәсімі құрмет тізбегі шеруімен аяқталды.
