«Мейірім» еріктілер клубы
«Мейірім» еріктілер клубының мүшелері 04.10.2019 ж. ұстаздар күніне орай өткізілген мерекелік кеште алғаш рет бой көрсетті. «Ізгіліктің бастауы ұстазымнан» деп білген біздің еріктілер ұстаздарына арнап «Мейірімділік- әлемді құтқарады» қойылымын қойып, мерекелік кеште көңілді флешмоб ұйымдастырды. Сөз соңында мейірімділіктің бастауын ұстаздардан алғанын айтып, ұлы тұлғаға арнаған өлең-сөздерін айтып, төл мерекелерімен құттықтады.