«День благодарности»
2020 жылдың 2 наурыз күні №41 жалпы орта білім беретін мектепте «Алғыс айту күніне» арналған іс-шара өткізілді. Мектеп психологтары осы мерекеге оқытушылар мен оқушылар арасында «Алғыс - сөздің асылы» тақырыбында тренинг жүргізді. Тренингтің мақсаты - жалпыға ортақ құндылық арқылы ризашылық білдірудің маңыздылығын түсіну. Бұл күні мұғалімдер, оқушылар бір-біріне алғыстарын білдіріп, жылы тілектерін айтты. Іс – шарада «Миға шабуыл» тәсілі негізінде сұрақ-жауап өткізілді.