Қашықтықтан білім беру туралы
Еліміздегі пандемиялық жағдайға байланысты білім беру ұйымдарының педагогтары 2020-2021 оқу жылында 5-11 сыныптар аралығында қашықтықтан оқытуды бастады. Мектебіміздің барлық мұғалімдері білім беру стандартына сәйкес болуы үшін НЗМ ұйымдастыруымен «Қашықтықтан оқытуды үйренемін» қайта даярлау курстарын аяқтады. Оқу жылының басында мұғалімдер мен оқушылардың барлық байланыс, техникалық құралдары мен интернет желісінің бар болуы жөнінде мәлімет алынды. Білім беру үрдісін жүзеге асыру мақсатында