«Менің Қазақстанымның қалыптасу шежіресі» атты дөңгелек үстел
22.10.2022 күні №41 жалпы білім беретін орта мектепте «КММ» 9- 10 -11сыныптар арасында тарих пәні мұғалімдері Сапарбаева А.Б, Муташев Р.Е. және Маңғазы Н.С. жүргізуімен Республика күніне арналған «Менің Қазақстанымның қалыптасу шежіресі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: оқушылардың білімдерін тереңдету. Туған өлке туралы мәлімет беру, жинақталған білімдерін пайдалана отырып, сөздік қорларын толықтыру, ауызекі тілде еркін жеткізуін қалыптастыру.