Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Даланың дара ұстазы-Ыбырай Алтынсарин» атты әдеби кеш
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты жоспарланған іс-шаралар аясында «№41 жалпы орта білім беру мектебі» КММ-де өткізілген Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Даланың дара ұстазы-Ыбырай Алтынсарин» атты әдеби кеш туралы ақпарат
2021 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің
30 жылдығына байланысты жоспарланған іс-шаралар аясында «№41 жалпы орта білім беру мектебі» КММ-де Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Даланың дара ұстазы-Ыбырай Алтынсарин» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар: қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі.
Іс-шараның мақсаты: Ы.Алтынсариннің өмірі, еңбектері жайлы түсінік беру, өмір жолын, еңбектерін үлгі-өнеге тұту.
Іс-шара барысында ұстаздардың қатысуымен «Дала шамшырағы» атты көрініс көрсетілді. 6-7 сынып оқушылары Ыбырай өлеңдерін жатқа оқыды. Мектептің жас ұстаздары Ыбырайдың нақыл сөздерін айтты. 5 «Б», 8 «А» сынып оқушылары Ыбырай Алтынсариннің «Бір уыс мақта» әңгімесінің желісімен көрініс сахналады. 6 «А» сынып оқушысы Маулыбекова Еркеназ, информатика пәнінің мұғалімі Бақыт Данияр ұстаз жайында әндер орындады.
Мұндай іс -шаралар бала санасына әсер етіп, жас ұрпақты жақсы, өнегелі істерге үйрететіндігі даусыз.

