02
сентябрь
2022
Педагогикалық кеңес
№ 41" ЖОМ " мектебінде педагогикалық кеңес болды. Отырысқа мектеп мұғалімдері қатысты.
Мәселелердің бірі 01.09.2022 жылы өткен Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы туралы ақпарат. Бірінші сөз мектеп директоры А.Т. Тукеноваға берілді. Ол Жолдаудың тақырыбы «Әділетті мемлекет.Біртұтас ұлт.Берекелі қоғам» екенін айтып өтті және жалпылама түсіндірді. Жолдау туралы нақтырақ ақпаратпен тарих пәні мұғалімдері Р.Муташев пен Сапарбаева А.Б. таныстырып өтті. Олар Жолдаудың негізгі 5 бағдарын атап, әрқайсысына жеке жеке тоқталып өтті. Мәселені талқылау үшін тарих мұғалімі Маңғазы Н. С. сөз сөйледі, ол Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы бойынша өз пікірін білдірді.
