«Наурыз - жыл басы» атты наурыз мерекесі
Наурыз мейрамы - көне дәстүр сабақтастығының белгісі саналатын, ұлттық мәдениетіміздің қайта түлеген ерекше мерекесі. Халық арасында бұл мереке ұлттық таным бойынша үйге жыл бойы молшылық пен сәттілік әкеледі деген сенім бар. Наурыз -көктем мерекесі.Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. 2023 жылы 13 наурыз күні «№ 41 ЖОББМ»КММ-де 1-2 сыныптар арасында «Наурыз - жыл басы» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді.